Бүгін Астана уақыты бойынша 4 сағат 14 минутта Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 492 километр қашықтықта 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.
Сілкініс ошағы Қазақстан аумағында, бес километр тереңдікте болған. Энергетикалық класы – 9,5.
Жер сілкінісі Алматы облысында сезілмеген.