Accessibility links

Путин Орталық әскери округ дайындығын тексерді


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин орталық әскери округ дайындығын аяқастынан тексеруді бұйырды. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың хабарлауынша, орталық әскери округ әскері мен авиацияның бір бөлігі және басқа әскери округтердің әуе-десанты күштері 7-12 қыркүйек аралығында толық әскери дайындыққа келтірілмек.

Полигондардағы жаттығулар барысында әуе-десанты әскерінің шұғыл алыс қашықтыққа жеткізілу және бөтен территорияға түсірілу дайындығы тексерілмек. Шойгу жаттығу барысы туралы шет мемлекеттердің әскери атташелеріне хабардар етуді тапсырған.

Бұған қоса денсаулық сақтау министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, сауда-өнеркәсіп министрлігі, федералдық медицина-биологиялық агенттігінің де соғыс кезінде жұмыс әлеуеті тексеріледі.

Ресей 2014 жылдың көктемінен бастап бірнеше рет ірі әскери жаттығулар өткізген. Батыс елдері Ресейде әскери жаттығулардың көбеюіне алаңдайды.

XS
SM
MD
LG