Accessibility links

Министрлік: 2018 жылға дейін жаңа медициналық нысан салынбайды


Алматы қаласындағы ауруханалардың бірі (Көрнекі сурет).
Алматы қаласындағы ауруханалардың бірі (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 2018 жылдың соңына дейін мемлекеттік бюджеттен жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қаржы бөлу уақытша тоқтайды. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Азаттықтың арнайы сауалына берген жауабында айтты.

Министрлік республикалық бюджет қаражатының есебінен құрылысы басталған 52 денсаулық мекемесі нысаны жоспар бойынша аяқталатынын, одан кейін 2018 жылға дейін жаңа құрылыс жоспарланбайтынын хабарлаған.

"Елдегі қазіргі экономикалық жағдайды және бюджет қаражатын үнемдеу қажеттілігін ескеріп, алдымыздағы үш жылда құрылысы басталған, жоспар бойынша 2015-2016 жылдарда аяқталатын медициналық нысандарға басымдық беріледі" делінген министрлік жауабында.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыздың басында Астанада өткен биліктегі «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюро отырысында үкімет пен әкімдерге қаржыны «қатаң үнемдеуді» тапсырған еді.

XS
SM
MD
LG