Accessibility links

KASE таңертеңгі сессиясында доллар 253 теңге болды


Алматыдағы ақша айырбастау орындарының бірі (Көрнекі сурет).
Алматыдағы ақша айырбастау орындарының бірі (Көрнекі сурет).

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 253,00 теңгені құрады.

Кеше, 9 қыркүйекте биржадағы кешкі сауда сессиясы доллар бағамы 250,83 теңге болып аяқталған. Ал 8 қыркүйектегі таңертеңгі сессияда – 245,23 теңгені құраған.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG