Accessibility links

Дияс Азияда өтетін бірнеше турнирге қатысады


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс алдағы бір ай көлемінде Азияда өтетін бірнеше турнирге қатысады.

Ол әуелі 14 қыркүйекте Токиода басталатын «Жапония ашық чемпионатында» ойнайды. Дияс былтыр бұл жарыстың финалына дейін жетіп, австралиялық Саманта Стосурдан ұтылып қалған еді.

Ал 21 қыркүйекте Зарина Дияс Токиода басталатын тағы бір теннис турнирі – Toray Pan Pacific Open жарысына қатысады.

28 қыркүйекте қазақстандық теннисші Қытайдың Вухан қаласында өтетін Wuhan Open турнирінде бақ сынайды. Одан соң 5 қазанда Пекинде болатын China Open жарысында ойнайды.

Қазақстандық Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 35-орында тұр.

XS
SM
MD
LG