Accessibility links

Шымкенттегі ескі жатақхана тұрғындары

Шымкент қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан 15-жатақханада қазір 37 отбасы тұрып жатыр. Тұрғындар қабырғалары сөгілген үш қабатты ескі ғимараттың шатырынан жауын кезінде су ағатынын айтып шағымданады. Қала билігі ғимаратты жөндеу жұмыстары жақын арада басталып, жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталады деген уәде айтады.
Түгел оқыңыз

Төле би көшесіндегі 15-жатақхана ғимараты 1957 жылы салынған. Тұрғындардың айтуынша, бұдан екі жыл бұрын жергілікті билік өкілдері ескі жатақхананың жағдайы қауіпті екендігін көріп, тиісті құжат толтырған.
1

15-жатақханада негізінен базарда қара жұрыс істеп жүргендер мен зейнеткерлер, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады.
2

15-жатақханада негізінен базарда қара жұрыс істеп жүргендер мен зейнеткерлер, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады.

Ескі жатақханадағы қос подъездің екеуінде де есік жоқ, тек үңірейген орны ғана тұр.
3

Ескі жатақханадағы қос подъездің екеуінде де есік жоқ, тек үңірейген орны ғана тұр.

Жатақханада ыстық су, газ және жылу жүйесі жоқ. Суретте: тұрғын әйел екінші қабаттағы жуынатын бөлменің төбесі мен бұрышы шатырдан аққан судан көгеріп кеткенін айтады.
4

Жатақханада ыстық су, газ және жылу жүйесі жоқ.

Суретте: тұрғын әйел екінші қабаттағы жуынатын бөлменің төбесі мен бұрышы шатырдан аққан судан көгеріп кеткенін айтады.

Тағы

XS
SM
MD
LG