Accessibility links

Астанада қайырымдылық марафоны өтті


Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов (ортада) «Эйр Астана» қайырымдылық марафоны кезінде. Астана, 13 қыркүйек 2015 жыл. (Ресми сайттағы сурет.)
Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов (ортада) «Эйр Астана» қайырымдылық марафоны кезінде. Астана, 13 қыркүйек 2015 жыл. (Ресми сайттағы сурет.)

Астанада бүгін «Эйр Астана» қайырымдылық марафоны өтті. Оның бағдарламасында төрт түрлі қашықтыққа: 5, 10, 21 және 42 шақырымға жарыстар ұйымдастырылды.

Марафонға қазақстандықтармен бірге Германия, Италия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей, Франция және тағы басқа елдердің спортшылары қатысқан.

Қазақ-британ қоғамы (BKS) ұйымдастырған қайырымдылық марафонының шарты бойынша, оған қатысушы кемінде 20 фунт стерлинг төлеуі тиіс. Жиналған ақша түгелдей «АЯЛА» қайырымдылық қорына бағытталады.

Сенбі күнгі қайырымдылық марафонына басқалармен бірге Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысқан.

XS
SM
MD
LG