Ресейдің орталық әскери округында ірі әскери оқу-жаттығу жиыны басталды. Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Орталық-2015" оқу-жаттығу жиынына 95 мыңнан астам әскери қызметкер, жеті мыңнан астам техника, 170-ке жуық ұшақ қатысып жатыр.
2015 жылдың көктемінен бері Ресей әскері бірнеше ірі оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып келеді. Батыс елдері Ресейдің әскери қимылдарының көбеюіне алаңдаушылық білдірген еді.