Accessibility links

Кассациялық сот Танковтың жазасын жеңілдетпеді


Заңгер Евгений Танков.
Заңгер Евгений Танков.

Қарағанды облыстық сотында бүгін қарағандылық заңгер Евгений Танковтың "жазасын жеңілдету туралы" кассациялық шағымы қаралды. Кассациялық алқа судьясы Жұматай Жақыпов шағымды қанағаттандырмау туралы шешім шығарды.

- Осы шешім арқылы алғашқы сот үкімі мен апелляциялық сот алқасының шешімі өзгеріссіз қалды, - деді Азаттыққа облыстық соттан.

Түрмеде отырған Евгений Танков кассациялық шағымында жазасының өтелмеген бөлігін жеңілдетуді сұраған. Танковтың анасы Валентина Танкова "Евгений Танковтың беті қайтпағанын" айтады.

- Енді ол түрмеде отыру жазасының қалған бөлігін бостандығын шектеу жазасымен ауыстыруды сұрамақ. Ол үйде отырып, жұмыс істегісі келеді. Бұған дейін Абай аудандық соты Евгенийде "ешқандай ынталандыру" жоғын айтып өтінішін қанағаттандырмаған. Бірақ қылмыстық кодекстің 73-бабы бойынша сотталушы қабылданбаған алғашқы шағымынан жарты жылдан соң қайта шағым бере алады. Мұндай тәжірибе сотта сирек қолданылады, - деді Азаттыққа Валентина Танкова.

Судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақырған қылығы үшін қарағандылық адвокат Евгений Танков 2014 жылы шілденің 24-і күні үш жылға бас еркіндігінен айрылған. Былтыр қазанда апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырған. Биыл наурыздың 18-інде Танков жазасын өтеп жатқан АК 159/18 колониясында өткен көшпелі сот отырысында мекеме әкімшілігі, прокуратура мен адам құқықтары жөніндегі қоғамдық комиссия өкілдері заңгердің мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару немесе жазасын жеңілдетуді сұрап жазған өтінішін қанағаттандырмаған.

Ал маусымның басында сот түрме әкімшілігінің талап-арызы бойынша Танковтың жаза мерзімін жарты жылға кеміткен.

XS
SM
MD
LG