Accessibility links

Ресей тауарын кіргізуді шектеу кейінге шегерілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда Ресей тауарларын кіргізуге шектеу қазан айында енгізілетін болды деп хабарлады бүгін журналистерге Роспотребнадзор мекемесінің басшысы Анна Попова.

"Шектеу туралы ақпарат Қазақстанда жұма күні министрліктің ресми сайтында шықты. Ертесі күні біз келіссөз жүргізіп, тыйымды 15 қазанға шегердік" деді Роспотребнадзор басшысы.

11 қыркүйекте Қазақстан "санитарлық талаптарды әлденеше рет бұзды" деп ресейлік бірнеше кәсіпорынның азық-түлік өнімін кіргізуге уақытша шектеу енгізген.

XS
SM
MD
LG