Accessibility links

Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, вице-премьер Дариға Назарбаева.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, вице-премьер Дариға Назарбаева.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары премьер-министр орынбасары қызметіне тағайындалуына байланысты Дариға Назарбаеваның мәжіліс депутаты өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Өткен аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен үлкен қызы Дариға Назарбаеваны премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындаған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Дариға Назарбаева парламент мәжілісі төрағасының орынбасары әрі президенттік «Нұр Отан» партиясының парламенттегі фракциясының жетекшісі болған.

Дариға Назарбаева 2012 жылы қаңтарда биліктегі «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша парламент мәжілісі депутаты болып сайланған.

XS
SM
MD
LG