Accessibility links

"Қазақмыс" кәсіпорнында жұмысшы мерт болды


Жезқазғандағы «Қазақмыс» компаниясының офисі. (Көрнекі сурет)
Жезқазғандағы «Қазақмыс» компаниясының офисі. (Көрнекі сурет)

«Қазақмыс» компаниясына қарасты Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалына қарасты «ЭнергоСети» кәсіпорнының бір жұмысшысы қайтыс болды.

Бұл туралы Азаттыққа компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Өндіріс жұмыстарын жүргізу кезінде автокран жебесі құлап кетіп, гидроцилиндр ұшып түскен. Ұшқан жебе 1965 жылы туған слесарге келіп құлаған. Жарақат алған жұмысшы оқиға орнында қаза болды» дейді баспасөз қызметі.

Компанияда бұл оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG