Accessibility links

Пәкістанда "Талибан" шабуылынан 16 адам өлді


Әскерилер шабуылдан жараланғандарды әкетіп барады. Пешавар, Пәкістан, 18 қыркүйек 2015 жыл.
Әскерилер шабуылдан жараланғандарды әкетіп барады. Пешавар, Пәкістан, 18 қыркүйек 2015 жыл.

Пәкістан армиясы бүгін елдің солтүстік-батысындағы Пешавар қаласына жақын әскери базадағы мешітке "Талибанның" пәкістандық қанаты содырлары шабуыл жасап, 16 адам қаза тапқанын хабарлады.

Әскерилердің айтуынша, шабуыл жасағандар база ішіндегі мешітке басып кіріп, құлшылық етіп отырған 16 адамды атып өлтірген.

Әскерилер өкілі Асим Салим Баджваның хабарлауынша, бұдан соң шабуылдаушылар базадағы әскерилермен атысқан. Қақтығыста 13 шабуылдаушының көзі жойылып, бір сарбаз қаза тапқан.

Шабуылды "Талибанның" Пәкістандағы бөлімі мойнына алған. Шабуылды нақты қанша адам жасағаны және қашып кеткендердің бар-жоғы белгісіз.

Пәкістан армиясының басшысы, генерал Рахил Шариф операцияға қатысқан қауіпсіздік күштерімен кездесу үшін Пешаварға барды.

Пәкістан арнайы қызметіндегі дереккөз шабуылдан көп ұзамай АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын ұшағы Оңтүстік Вазиристан тайпалық аймағында содырлар жасырынған болуы мүмкін деген күдікпен бір үйді атқылап, үш содырдың көзін жойғанын айтады.

Пәкістан армиясы Ауғанстанмен шектесетін Солтүстік Вазиристан провинциясындағы жергілікті және шетелдік содырларға қарсы ауқымды операция жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG