Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA рейтингісінде 43-орыннан 41-орынға көтерілді. Дияс осыдан екі апта бұрын 35-орында болған.
Ал Юлия Путинцева 75-орыннан 78-сатыға, Ярослава Шведова 88-орыннан 89-сатыға түсті.
Дияс осы аптада Токиодағы, Путинцева Гуанжоудағы Шведова Сеулдегі жарысқа қатысады.
Ал АТР рейтингінде Михаил Кукушкин 49-орыннан 48-орынға шықса, Александр Недовесов 114-орында, Андрей Голубев 153-орында тұр.
Кукушкин мен Голубев Санкт-Петербургтегі жарысқа қатысып жатыр.