Accessibility links

Орал билігі белсенділерге митинг өткізуге рұқсат етпеді


Белсенділер қалалық әкімдікке акция өткізуге өтініш беруге бара жатыр. Орал, 4 қыркүйек 2015 жыл.
Белсенділер қалалық әкімдікке акция өткізуге өтініш беруге бара жатыр. Орал, 4 қыркүйек 2015 жыл.

Орал қалалық әкімдігі бүгін жергілікті белсенділерге коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына байланысты наразылық акциясын өткізуге рұқсат етуден бас тартты. Белсенділер акция өткізуге қайта өтініш беріп, әкімдіктің рұқсат беруден бүгінгі бас тартуына сотқа шағымданатынын мәлімдеді.

Орал қалалық әкімдігі ішкі істер бөлімінің жетекшісі Бақытжан Нарымбетов қол қойған рұқсат етуден бас тарту хатында белсенділер сұраған үш алаңда да митинг өткізуге "кедергі болатын" бірнеше себеп бары айтылған. Ішкі істер бөлімі хатта Сырым Датұлы атындағы алаңның жанында ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті, Абай алаңының қасында жоғары оқу орны барын, ал Мәншүк Мәметова атындағы алаңда Құрбан айт мерекеленетінін айтқан.

4 қыркүйекте бір топ азаматтық белсенді қоғам мен билікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларына назар аударту үшін 26 қыркүйекте митинг өткізуге өтініш берген.

XS
SM
MD
LG