Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26-29 қыркүйек күндері БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барады деп хабарлады бүгін президенттің баспасөз қызметі.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, Назарбаев Нью-Йоркте Бас ассамблеяның жалпы дебатында баяндама жасайды, БҰҰ-ның мыңжылдық даму саммитіне, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес саммитіне қатысады.
Назарбаев бұған қоса Нью-Йоркте бірқатар мемлекет және үкімет басшысымен, америкалық JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft сияқты компаниялар басшылығымен кездесуді жоспарлап отыр.