Accessibility links

Мәскеудегі Собор мешіті ашылуына Назарбаев қатысады


Мәскеудегі үлкен Собор мешітінің ішкі көрінісі.
Мәскеудегі үлкен Собор мешітінің ішкі көрінісі.

Мәскеуге бірқатар елдердің басшылары мен саясаткерлері жиналады. Олардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас бар.

Олар бүгін Мәскеудегі үлкен Собор мешітінің ашылу рәсіміне қатыспақшы. Бұл мешіт он жылдай уақыт реставрациялық жөндеу жұмыстарынан соң ауқымы кеңейтіліп, қайтадан ашылады.

Мәскеудегі ең үлкен мешіттің ашылу салтанаты әлем мұсылмандары үшін қасиетті діни мерекелердің бірі – Құрбан айт қарсаңында өткелі отыр.

XS
SM
MD
LG