Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотында қаралып жатқан істе «Дефиле» киім дүкендері желісінің иесі Бақытбек Нұрманов пен оның қарамағында істеген Мақсат Мәдиев осы компанияда еңбек еткен адамды заңсыз еркінен тыс ұстап, қинаған деген айып тағылып отыр. Бұл туралы жергілікті Оtyrar веб-сайты хабарлады.
Бүгін сотталушылар өздеріне тағылып отырған ресми айыптаулармен танысқан. Онда 28 жастағы Тахир Тахтаходжаевтан ірі көлемде ақша жымқырған деген күдіктенген Нұрманов Мәдиев бірге оны ұрлаған. Тахтаходжаев әлгілер өзін қамауда ұстап, қинаған саяжайдан қашып шыққанын мәлімдеген.
Тергеу барысында күдікті екеудің үстінен шағым түсірген тағы төрт адам бұл іске жәбірленушілер ретінде қатысады. Бұл іс бойынша соттың келесі отырысы қыркүйектің 30-ына белгіленді.