Accessibility links

Бакуде Азаттық журналисінің пәтерін тінткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бакуде Азаттықтың Әзербайжан қызметіне жұмыс істейтін журналист Ислам Шихализаде жалдап тұрып жатқан пәтерді тінткен. Тінтуді сенбі күні кешке Бас прокуратураның ауыр қылмыстар жөніндегі тергеу басқармасы мен ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізгені хабарланды. Тінту кезінде журналистің өзі пәтерде болмаған. Пәтерде онымен бірге баспана жалдап тұратын досы Орхан Рустамзаде болған. Тінту жүргізгендер пәтерден құжаттар мен құрал-жабдықтарды – компьютер, камера, микрофон, мобильдік телефонды өздерімен бірге алып кеткен.

Олар көрсеткен қаулыда үлкен мөлшерде ақша алған және салықтан жалтарған деген күдікпен тінту жүргізілгені айтылған.

Пәтерде болған Рустамзадені прокуратураға апарып, сол жерде жауап алған. Ислам Шихализаденің өзін қыркүйектің 28-іне Бас прокуратураның ауыр қылмыстар жөніндегі тергеу басқармасына шақыртқан.

2014 жылы желтоқсанда Әзербайжан Бас прокуратурасы Азаттықтың Бакудегі бюросына тінту жүргізген соң, кеңсені мөрлеп жауып, радио қызметкерлерінен жауап алған еді.

XS
SM
MD
LG