Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының бағамы 269 теңге 99 тиынды құрады.
Өткен аптада, 25 қыркүйек күнгі кешкі сауда 269 теңге 81 тиынмен жабылған.
Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.
16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.