Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та осы ел президенті Барак Обамамен кездеседі деп хабарлады Ақ үй өкіліне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.
"29 қыркүйекте президент Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі" деген Ақ үй өкілі.
Назарбаев АҚШ-қа Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін 26 қыркүйекте барған.
Ақорданың баспасөз қызметі Азаттыққа Назарбаевтың Обамамен "кездесу жоспары барын" растады, бірақ уақыт айырмасына байланысты кездесу нақты қай күні болатынын айта алмайтынын хабарлады.