Accessibility links

Роухани: Батыс Асадтың билікте қалғанын қолдайды


Иран президенті Хассан Роухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 26 қыркүйек 2015 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 26 қыркүйек 2015 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани америкалық CNN телеарнасына берген сұхбатында Батыс елдерінің Сирия президенті Башар Асадтың "бұдан ары да билікте қала бергені дұрыс деп мойындайтынын" мәлімдеді. Ол мұны терроризммен күрес жүргізу үшін қажет деген. Роухани Батыс елдері бұған дейін Сириядағы соғыста Иран мен Ресей билігі қолдайтын Асадтың биліктен кеткенін талап етіп келгенін де айтты.

"Терроризммен күрес жүргізетін Сирияда бізге орталық билік пен үкіметті нығайтудан басқа таңдау жоқ" деді. Ол бұған қоса Тегеран егер АҚШ қамаудағы Иран азаматтарын босатса онда түрмедегі үш америкалықты босатуға да күш салатынын ескертті.

XS
SM
MD
LG