Accessibility links

Назарбаев: Әлем елдері халықаралық құқықты ұстану керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ саммитінде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ саммитінде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында жалпы талқылауға қатысып, халықаралық мәселелер мен БҰҰ жұмысына қатысты сөз сөйледі.

Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірген Назарбаев әлемдік саясатқа араласатын барлық елдер "халықаралық құқық принциптерін ұстанғаны дұрыс" екенін айтып, 2016 жылы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын бекітетін БҰҰ деңгейінде конференция өткізуді ұсынды.

Назарбаев бұған қоса діни экстремизм мен терроризмнің әлемдік қауіп-қатерге айналғанын айтып, БҰҰ жанынан бұл қауіппен күресетін біртұтас әлемдік желі құруды ұсынды.

Қазақстан президенті бұған қоса Азия аймағы "экономикалық даму жағынан алға шығып, халықаралық қатынастарда жаңа мәнге ие бола бастағандықтан" БҰҰ-ның штаб-пәтерін Нью-Йорктен Азияға көшіруді де ойластыру қажетін айтты.

XS
SM
MD
LG