Accessibility links

Ресей терроризммен күрес саммитін сынады


Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин.

Ресей Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының жиыны аясында өткен терроризммен күрес саммитін сынады. Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин жүзге тарта мемлекет басшысы қатысып, АҚШ жетекші рөл атқарған саммит өткізу "БҰҰ қызметіне нұқсан келтіреді" деп мәлімдеді.

Журналистерге берген сұхбатында Чуркин "Біз барлық жұмыс белгілі бір ереже бойынша, БҰҰ аясында, тізгінді өзіне бұра тартпай жүруі тиіс деп санаймыз" деді. 29 қыркүйекте өткен саммитке АҚШ президенті Барак Обама төрағалық еткен. Саммитте АҚШ "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте өзге елдердің қолдауына ие болуға тырысқан.

28 қыркүйекте Обама Сириядағы қақтығысты талқылау үшін Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне бір ай төрағалық ететін Ресей де бүгін терроризммен күреске арналған жиын өткізеді.

XS
SM
MD
LG