Accessibility links

KASE: Доллар бағамы тағы сәл көтерілді


Ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы көрсетілген табло. Алматы, 17 қыркүйек 2015 жыл.
Ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы көрсетілген табло. Алматы, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының бағамы 270 теңге 89 тиынды құрап, 29 қыркүйектегі таңғы сессиямен слыстырғанда 49 тиынға қымбаттады. Биржа мәліметі бойынша, бүгін сауда көлемі 221 миллион доллар болған. Бұл – кешегі таңғы сессияда сатылған мөлшерден 84 миллон долларға артық.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG