Accessibility links

Киев пен сепаратистер жаңа келісім жасады


Ресей өкілі Азамат Кулмухаметов (солдан оңға қарай), Украина өкілі Леонид Кучма, ЕҚЫҰ өкілі Мартин Сайдик баспасөз жиынында. Минск, 30 қыркүйек 2015 жыл.
Ресей өкілі Азамат Кулмухаметов (солдан оңға қарай), Украина өкілі Леонид Кучма, ЕҚЫҰ өкілі Мартин Сайдик баспасөз жиынында. Минск, 30 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей, Украина мен Еуропа одағы өкілдері Украина шығысындағы қақтығыс аймағынан танктер мен өзге де қару-жарақтарды шығару туралы келісім жасасты.

«Бұл келісім - бейбітшілікке, шабуыл мен зорлық-зомбылықты тоқтатуға апаратын жол» деп мәлімдеді келіссөзге қатысқан Ресей өкілі Азамат Кулмухаметов. Келісім ақпан айында Минскіде қол қойылған Донбаста украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы соғысты тоқтату туралы негізгі келісімге қосымша ретінде жасалған.

ЕҚЫҰ-ның келіссөздегі өкілі Мартин Сайдик келісім екі күннен кейін күшіне еніп, оның талаптары 39 күн ішінде орындалатынын айтты. Оның сөзінше, келісімде танктер, минометтер мен калибрі 100 миллиметрден кіші артиллериялық қару-жарақты қақтығыс аймағынан 15 километр қашыққа әкету айтылған.

Сайдик келісімге Украина жағынан Леонид Кучма қол қойғанын айтты. Ал сепаратистер жетекшісі Денис Пушилин өзін-өзі жариялаған Донецк мен Луганск «халық республикаларының» келіссөзге қатыспаған өкілдері келісімге 1 қазанда қол қоятынын мәлімдеді.

Қару-жарақтың әкетілуін ЕҚЫҰ бақыламақ.

Калибрі 100 миллиметрден асатын ауыр қару-жарақ Минск келісіміне сәйкес қақтығыс аймағынан бұған дейін-ақ әкетілген.

Ресей, Украина, Франция мен Германия басшылары Украина дағдарысын саяси жолмен шешу жайын талқылау үшін 30 қыркүйекте Парижге жиналады.

Соңғы мәлімет бойынша, Украина шығысындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтаған.

XS
SM
MD
LG