Комитет түзетулердің енгізілуін «оқулықтарды құрастыруда барлық фактология тегіс қолданылмағандықтан қозғалған мәселелерге қатысты материалдың объективті мазмұндалуына қол жеткізу үшін керек» деп түсіндіреді. Онда «Қырым тақырыбында баспа мен авторлар Қазақстанның ресми позициясын, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтықтың позициясын білдірмеген» делінген.
Өткен аптада Украинаның Қазақстандағы елшілігі «Мектеп» баспасы шығарған 10-11-сыныптарға арналған география оқулықтарында Қырым түбегін Ресей Федерациясының субъектісі ретінде көрсетуіне байланысты Астанаға наразылық нотасын жіберген.
Украинаның Қазақстандағы сенімді өкілі орта мектептерге арналған оқулықтардағы ақпарат Украина территориясының тұтастығына қолдау білдіріп отырған халықаралық қауымдастық пен Астананың позициясына қайшы екенін мәлімдеген.