Футболдан "Астана" командасы Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы ұпайын иеленді.
"Астана-аренада" түркиялық "Галатасараймен" ойнаған қазақстандық клуб 2:2 есебімен тең түсті. Матчтың 31-минутында Билал Киса есеп ашып, "Галатасарайды" алға шығарған. Ал 77-минутта түркиялық клубтың ойыншысы Хакан Балта өз қақпасына автогол салып алды - 1:1.
86 минутта "Астана" қақпашысы Ненад Эрич та абайсызда өз қақпасына өткізіп алып, "Галатасарай" қайта алға шықты. Араға үш минут салып "Астана" ойыншысы Рохер Каньяс есепті теңестірді.
"Астана" С тобында алғашқы матчын Португалияда "Бенфикамен" өткізіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалған. Қазақстандық клуб келесі ойынында 21 қазанда Мадридте "Атлетико" клубымен кездеседі.