Accessibility links

Ауған күштері Кундузды "қайтарғанын" хабарлады


Кундуз бен Бағлан уәлаяттарының арасын жалғайтын жолда тұрған ауған қауіпсіздік күштері. 30 қыркүйек 2015 жыл.
Кундуз бен Бағлан уәлаяттарының арасын жалғайтын жолда тұрған ауған қауіпсіздік күштері. 30 қыркүйек 2015 жыл.

Ауған қауіпсіздік күштері "Талибан" содырларынан елдің солтүстігіндегі Кундуз қаласын қайтарып алғанын хабарлады.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Седик Седикки Twitter-де қауіпсіздік күштері қалаға бақылау орнатқанын және қаланы тазалап жатқанын жазды.

BBC-дің хабарлауынша, Кундуз полициясының өкілі Саид Сарвар ауған әскері қаладағы үкімет, полиция мен арнайы қызмет кеңселерін қайтарып алғанын, көшеде "оққа ұшқан талибтер денелері жатқанын" айтқан.

"Талибанның" өзі бұл ақпаратқа қатысты түсінік бермеді. Бірақ кейбір ақпараттар бойынша, қаланың әр тұсында ұрыс жүріп жатыр.

"Талибан" Кундузға 28 қыркүйекте таңертең шабуыл жасап, кешке қаланы басып алғанын хабарлаған. Бірақ келесі күні қауіпсіздік күштері қаланы қайтарып алу шабуылын бастаған.

Кундуз - "Талибан" 2001 жылдан бері басып алған алғашқы уәлаят орталығы. "Талибан" жасақтары Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан кейін белсенді әрекет ете бастады.

XS
SM
MD
LG