Accessibility links

Биржада доллар бағамы өзгермеді


Ақша айырбастау орнындағы доллар бағамы көрсетілген табло. Алматы, 17 қыркүйек 2015 жыл.
Ақша айырбастау орнындағы доллар бағамы көрсетілген табло. Алматы, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының бағамы 270 теңге 90 тиынды құрап, кеше биржада таңертеңгі саудадағы бағамнан бір тиынға ғана қымбаттады. Биржада бүгін сауда көлемі 100 миллион долларды құраған. Бұл - кешегі таңғы сессияда болған сауда көлемінен 121 миллионға кем.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG