Accessibility links

ҰҚК: Астанада ИМ-ді "жақтаушы" ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада ДАЕШ деп аталып кеткен («Ирак пен Шамдағы ислам мемлекеті» немесе "Ислам мемлекеті") террористік ұйымын жақтайды деген күдікпен ер адам ұсталды деп хабарлайды бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайты.

ҰҚК мәліметінше, 30 қыркүйекте комитеттің Астана қалалық департаменті "терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" айыбы бойынша "радикалды діни ағымның жақтаушысын" ұсталған.

ҰҚК күдікті "әлеуметтік желілерде діни экстремистік сипаттағы материалдарды, оның ішінде ДАЕШ халықаралық террористік ұйымының іс-әрекетін насихаттаған" деген дерек барын, қазір жедел тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады.

Күдікті қазір Астанадағы ішкі істер департаментінің абақтысында қамауда.

"Ислам мемлекеті" ұйымы 2014 жылдың жазында Ирак пен Сирияның біраз аумағын басып алған.

XS
SM
MD
LG