Accessibility links

Құрылысты қабылдайтын мемлекеттік комиссия жойылмақ


Астанада салынып жатқан үйлердің бірі. (Көрнекі сурет)
Астанада салынып жатқан үйлердің бірі. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда жаңа тұрғын үйді қабылдап алатын мемлекеттік комиссия жойылады деп хабарлады бүгін Астана қалалық әкімінің орынбасары Сергей Хорошун орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Хорошун 2016 жылдың қаңтарынан бастап "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заң күшіне енетінін, ол бойынша тұрғын үй немесе нысанды оны салып бітірген компанияның өзі пайдалануға бере беретінін айтты. Оның сөзінше, құрылыс нысанын қабылдау актісіне енді бұрынғыдай мемлекеттік комиссия емес, тек тапсырыс беруші, оны орындаушы, авторлық және техникалық бақылаушы қол қояды. Хорошин нысан сапасына қол қойғандар жауапты болатынын, мемлекеттік комиссияның жойылуы құрылысқа тапсырыс беруші мен оны орындаушыға қойылатын талапты күшейтетінін айтады.

Заңды ұлттық экономика министрлігі дайындаған.

XS
SM
MD
LG