Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Кундуздағы шабуылды айыптады

Кундуз қаласындағы «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымына қарайтын аурухананың әуе соққысынан кейінгі көрінісі. Ауғанстан, 3 қазан 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан Кундуз қаласындағы «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымына қарайтын ауруханаға жасалған әуе соққысын айыптады. Бас хатшы «оқиғаның мән-жайын толық және әділетті тексеруге» шақырған.

Бұған дейін «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы ауруханаға шабуыл жасау оқиғасына тәуелсіз тергеу жүрігзуді талап еткен.

Сенбі күні таңертең Кундуздағы аурухана әуе соққысы астында қалған еді. Соңғы деректер бойынша, шабуылдан ауруханада жұмыс істейтін 12 адам, төрт ересек науқас және үш бала қаза тапқан. Сонымен бірге, әуе соққысы салдарынан 37 адам жараланған.

Ауғанстандағы АҚШ қарулы күштері басшысы Джон Кэмпбелл Кундуздағы ауруханаға жасалған әуе шабуылы үшін Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниден кешірім сұраған. АҚШ президенті Барак Обама қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтып, Пентагон қайғылы оқиғаны тексеріп жатқанын мәлімдеген.

«Талибан» содырлары 300 мыңдай тұрғыны бар Кундуз қаласын қыркүйектің 28-і күні таңертең шабуыл жасап, кешке қаланы басып алғанын хабарлаған. Бірақ келесі күні қауіпсіздік күштері қаланы қайтарып алу шабуылын бастаған. Содан бері Кундузда тараптар арасында шайқас жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG