Accessibility links

ҚМДБ: қажыларды елге әкелу реттелді


Мекке әуежайындағы қажылар (Көрнекі сурет).
Мекке әуежайындағы қажылар (Көрнекі сурет).

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қажыларды елге әкелу реттелгенін мәлімдеді.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын-ала жүргізілген келіссөздерден кейін 500 орындық ұшақ Джидда - Алматы бағыты бойынша қажыларды елге әкеліп жатыр. "Ұшып келудің жаңа кестесі жасалды. Қажылық компаниялар Меккеге барған қазақстандықтардың әуежайға уақытында келу жағын ұйымдастырып жатыр," - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Осыған дейін жергілікті басылымдар 2,5 мыңға жуық қазақстандық қажы Джидда мен Мекке әуежайында ұшу кестесі өзгергендіктен елге уақытында келе алмағанын жазған.

Биыл Меккеге 4000-ға жуық қазақстандық қажыға барған.

XS
SM
MD
LG