Лондондағы биржа саудасының нәтижесі бойынша, сейсенбі күні Brent маркалы мұнайы баррелінің бағасы қыркүйек айының соңынан бері алғаш рет 50 доллардан асты деп хабарлайды батыс ақпарат құралдары.
2014-2015 жылдары әлемдік нарықта мұнай бағасы екі еседен артық арзандаған.
Тамыздың 24-і күні мұнай баррелі ең төменгі деңгейге – 43,49 долларға түскен еді.
Ең соңғы рет Brent маркалы мұнайы биыл қыркүйектің 8-і күні 50 доллардан асқан.