Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Меккеде қажылық кезінде бес қазақстандық қайтыс болғанын мәлімдеді.
"Қажылық кезінде қайтыс болған бес қазақстандықтың жасы 80-ге тақап қалған және 80-нен асқан. Барлығы жүрек талмасынан, қан қысымынан қаза тапты" деді басқарманың наиб-муфтиі Серікбай Ораз.
Сауд Арабиясындағы Мина алабында мұсылмандардың қажылық рәсімі кезінде болған кептеліс салдарынан 700-ден астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл оқиғадан мерт болғандар мен жараланғандар қатарында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлаған. Биылғы қажылыққа Қазақстаннан 4 мыңдай адам барды.