Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Әлия Ғалымова мәжіліс депутаты болып сайланды. Ол бұған дейін білім және ғылым министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарған.
Әлия Ғалымова депутаттық мандатты "Нұр Отан" партиясынан алған. Бұл мандат мәжілістен Дариға Назарбаева кеткен соң босаған.
Қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.