Accessibility links

Мәскеу Сириядағы шабуылын күшейтті


Сириядағы Ресей әскери ұшақтары. Латакия, 6 қазан 2015 жыл.
Сириядағы Ресей әскери ұшақтары. Латакия, 6 қазан 2015 жыл.

Сириядағы Ресей әскери ұшақтары соңғы тәулікте 64 рет көкке көтеріліп, 55 нысанаға соққы берген. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс саласының өкілі хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, "10 қазан күні Мәскеу Сириядағы шабуылдарын күшейткен, өйткені әуе барлауы көптеген нысаналарды анықтаған". Мәскеу "шабуылдары Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы жасалып жатқанын" айтады.

Сириядағы адам құқықтары ахуалын бақылау тобы 10 қазан күні Ресей ұшақтарының Сирияның батысында шабуыл жасағанын хабарлады. Ұйым "шабуыл ИМ содырлары ең аз шоғырланған аудандарға жасалғанын" айтады.

Сириядағы оппозиционерлер мен Батыс елдері Ресейді "шабуылдарды экстремистерге қарсы емес, Башар Асад режимін күшейту үшін жасап отыр" деп айыптайды.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы 9 қазан күні Хомс ауданында Ресей шабуылдары басталғалы кем дегенде 17 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлап, бұл оқиғаны тергеп-тексеруге шақырды.

XS
SM
MD
LG