Жексенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында жарылыс болған. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, оны Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштері әскери колоннасына шабуылдаған жанкешті жасаған.
Осы уақытқа түскен хабарларда жарылыс салдарынан бірнеше адамның жараланғаны айтылған. Оқиға болған жерге жедел жәрдем, полиция мен қауіпсіздік күштері барған.
«Талибан» қозғалысы бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеген.