Accessibility links

Мақсұт Нәрікбаев қайтыс болды


Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Нәрікбаев.
Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Нәрікбаев.

75 жасында Қазақ гуманитарлық заң университетінің (ҚГЗУ) президенті, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы әрі құрдасы Мақсұт Нәрікбаев қайтыс болды. Бұл туралы ҚГЗУ хабарлады. Марқұмның неден, қайда көз жұмғаны жайлы айтылмайды.

Мақсұт Нәрікбаев Назарбаевпен бірге 1950 жылдардың соңында Украинадағы училищеде оқығаннан бері президенттің серігі болды.

Нәрікбаев 1995-1996 жылдары Қазақстанның бас прокуроры, 1996-2000 жылдары Жоғарғы сот төрағасы болды. Ол ҚГЗУ-ды 2000 жылдан бері басқарды.

Мақсұт Нәрікбаев 2012 жылдың наурыз айында "Әділет" партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG