Accessibility links

Сирия астанасы Дамаскіде Ресей елшілігіне екі зымыран түсті. Зымыран түскен мезгілде Сирия билігін жақтайтын демонстранттар Мәскеудің Сириядағы шабуылдарын қолдап акция өткізіп жатқан.

Кейбір ақпараттар бойынша, алғашқы зымыран елшіліктің бір бөлігіне түсіп, жиналған жұртты дүрліктірген. Жиналғандар жан-жаққа қаша бастағанда сол маңға екінші зымыран түскен.

Ресей елшілігі төтенше оқиғадан құрбандар жоғын хабарлады.

France Press агенттігінің хабарлауынша, зымыран соққысы жасалған кезде елшілік алдында 300-дей адам жиналып тұрған.

Дамаск маңындағы оппозицияшыл көтерілісшілер бұған дейін елшілікке шабуыл жасаған. Бірақ бүгінгі зымыран соққысы демонстрацияны нысананы алғаны, я басқа мақсатта жасалғаны белгісіз.

"Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімшесі "Нусра майданы" ұйымының басшысы 12 қазанда Ресей шабуылдарынан сүннит мұсылмандары қаза болып жатқанына кек алуға шақырған.

Ресей 30 қыркүйекте Сириядағы көтерілісшілерге қарсы әуе шабуылдарын бастаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG