Accessibility links

Қазақстан футболшылары Латвия құрамасын ұтты


Футболдан Қазақстан құрамасы.
Футболдан Қазақстан құрамасы.

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2016 іріктеу турнирінің соңғы кезеңінде Латвия құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Ригада өткен ойында голды ойынның 65-минутында футболшы Қуат Исламбек салды. Қазақстан осы ойын қорытындысында "А" тобында бесінші орын алды.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда өткізген 15 матчтың бір де біреуінде ұтпаған және Латвиямен бұған дейінгі төрт матчта да жеңіске жетпеген. Латвиямен төрт ойынның екеуінде ұтылып, екеуінде тең түскен.

XS
SM
MD
LG