Accessibility links

Қазақстанда бұғатталған vimeo.com сайты бүгіннен бастап қайта ашылды деп хабарлады инвестиция және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет мәліметінше, vimeo.com сайты Қазақстан аумағында сайт әкімшілігі "терроризм мен қатыгездік культін насихаттайтын" материалдарды өшіргеннен соң қайта ашылған.

Қыркүйекте Астананың Есіл аудандық соты министрліктің сұрауы бойынша сайтты "діни экстремизм мен терроризмді насихаттайды" деген себеппен жапқан еді. Сот сайтта жарияланған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының кісі өлтіру жайлы видеоларын Қазақстан заңдарына қайшы" деп тауып, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салған болатын.

XS
SM
MD
LG