Accessibility links

Адам құқығы жөніндегі уәкіл Нидерланд елшісімен кездесті


Нидерланд туы. (Көрнекі сурет).
Нидерланд туы. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров бүгін Астанада Нидерланд сыртқы істер министрлігінің адам құқығы жөніндегі елшісі Кейс ван Бармен кездесті.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жақ кездесуде Қазақстанда адам құқығын қорғау мәселесі, осы саладағы міндеттердің орындалуы, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын талқылаған. Шәкіров елшіге ұлттық құқық қорғау органының жұмысы туралы баяндап, адам құқығының бұзылуына қатысты түскен шағымдарға байланысты да тоқталған.

Кездесуде адам құқығын қорғау саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін құқық қорғаушылар халықаралық форматта бірлескен жұмыс істеу керектігі айтылған.

Кейс ван Бар Қазақстанға 13 қазанда төрт күндік сапармен келген.

XS
SM
MD
LG