Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев 68 жасында Атырауда қайтыс болды.
Ол үкіметті 1997 жылдың қазанынан 1999 жылдың қазанына дейін басқарған. Бұл қызметіне дейін және одан кейін "Қазақойл" мұнай-газ компаниясын басқарған Нұрлан Балғымбаев 2002 жылы бизнеске кеткен. 2007-2009 жылы Қазақстан президентінің кеңесшісі болды.
Нұрлан Балғымбаевтың есімі «Қазақгейт» ісіне байланысты бірнеше рет айтылған.