Accessibility links

Ақ үй: Мәскеумен Сирия туралы келіссөз болмайды


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.

Ақ үй Мәскеудің премьер-министр Дмитрий Медведевті АҚШ-қа Сирияға қатысты әскери ынтымақтастықты талқылау үшін жіберу ұсынысын "шарасыздық белгісі" деп атады.

Ресей президенті Владимир Путин 13 қазан күні Медведевті АҚШ-қа жіберуді ұсынып, 14 қазан күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест оны қабылдамай тастаған.

Вашингтон мен Мәскеу Сирияда әуе шабуылдарын жасап жатқандықтан екі ел әскерилерінің "абайсызда қақтығысып қалуын болдырмау" жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан. Бірақ Вашингтон Ресей Сирия президенті Башар Асадты қолдайтындықтан келіссөз аясын кеңейту ұсынысын қолдамайды.

"Ресей "Ислам мелмекеті" экстремистік ұйымына қарсы шараларымызға конструктивті түрде үлес қосуға ынталы емес болғандықтан біз келіссөз аясын кеңейтуге мүдделі емеспіз" деді Эрнест.

"Ресейдің өз мүддесі бар. Президент Путиннің шарасыздықтан Ресей билігіндегі екінші адамды АҚШ-ты өздеріне қосылуға үгіттеуге жіберуге мәжбүр болатыны аса таңқалатын нәрсе емес" деді Эрнест.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың "диалог орнатудан бас тартуын" "өкінішті" деп атады.

XS
SM
MD
LG