Accessibility links

Ерғалиева мен Жақиянова сотының кезекті отырысы өтті


Гүлжан Ерғалиева, журналист.
Гүлжан Ерғалиева, журналист.

Қазанның 15-і күні Алматының Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сотында журналист Гүлжан Ерғалиеваның Қарлығаш Жақияноваға (оппозициялық саясаткер Ғалымжан Жақияновтың әйелі) қарсы берген арызы бойынша басталған соттың төртінші отырысы өтті.​

Гүлжан Ерғалиева Қарлығаш Жақияновадан "1 миллион доллар қарыз ақшасын қайтаруды, бірнеше жыл бойы ол ақшаның мүмкіндіктерінен түсуі ықтимал табысы ретіндегі 187 мың доллар көлемінде моральдық шығыны мен осы іске байланысты сот шығындарын өтеуді" талап еткен.

Бүгінгі сотта Ерғалиева жауапкер тараптан дауды бітім арқылы шешуді ұсынып көрді. Бұған Жақиянованың адвокаты Инесса Киселева бітімге келуге қарсы емесін, бірақ даулы ақша "қарыз ретінде емес, қайырымдылық ретінде алынған" деп танылса ғана келісімге келуге болатынын айтты. Бұдан соң Ерғалиева бітімге келу шарттарын жасасу үшін үзіліс сұрады. Келесі сот отырысы қазанның 19-ына белгіленді.

Қарлығаш Жақиянованың адвокаты Инесса Киселева бұған дейін Азаттық тілшісіне «бұл істің ешқандай саяси астары жоқ» дегеннен өзге пікір айтудан бас тартқан.

Гүлжан Ерғалиева 2005 жылдан бастап жарық көріп, оппозициялық басылым ретінде танылған «Свобода слова» газетіндегі үлесін 2010 жылы «билікке қатысы бар жеке тұлғаға сатып», өзі газеттен кеткен. Ол бұл әрекетін «президент өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастамаларға байланысты кеттім» деп түсіндірген.

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысы жетекшілерінің бірі болғанҒалымжан Жақиянов 2011 жылдан бері отбасымен бірге Бостонда (АҚШ) тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG