Accessibility links

Путин: Ресей АҚШ-пен диалог орнатуға үмітті


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 15 қазан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 15 қазан 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін өткен баспасөз жиынында "маңызды мәселе бойынша тікелей диалогтан бас тартатын АҚШ Ресейдің Сириядағы халықаралық терроризммен күреске қатысты іс-қимылын қалайша сынайтынын аса түсінбейтінін" мәлімдеді.

"Мұндай ұстаным конструктивті деп саналмайды. Бұл жағдайда АҚШ ұстанымының әлсіздігіне бұл мәселенің олардың күн тәртібінде болмауы себеп деп ойлаймын. Бірақ біз әлі де сенім білдіре береміз және бұл процестегі барлық қатысушылармен конструктивті диалог орнатамыз деп үміттенеміз" деді Владимир Путин.

Нұрсұлтан Назарбаев брифингте Сирияда болып жатқан барлық оқиғалар "бәріне, әсіресе Орталық Азия аймағына төнген ортақ қауіп" екенін айтты.

"Біз Түркіменстанмен шекарада болған оқиғаларды білеміз және Тәжікстанға қатысты ерекше алаңдаймыз. Осыған байланысты "Ислам терроризмге қарсы" деп аталатын форум құруды ұсынамыз. Егер бізді қолдаса, онда бұл жұмыс дұрыс бағытқа түсер еді" деді Назарбаев.

Кеше АҚШ Сириядағы жағдайды талқылау жөніндегі Ресей премьер-миинстрі Дмитрий Медведев бастаған делегацияны қабылдаудан бас тартқан. Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест Ресей "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күреске оң үлес қосуға даяр болмайынша АҚШ-тың ол елмен Сирияда әскери іс-қимылды үйлестіру бойынша ынтымақтаспайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG