Accessibility links

Сирия әскері Хомс провинциясында шабуылға шықты


Хомс пен Хама провинциялары арасында тұрған артиллериялық дүркіндете оқ ату кешені. Сирия, 8 қазан 2015 жыл.
Хомс пен Хама провинциялары арасында тұрған артиллериялық дүркіндете оқ ату кешені. Сирия, 8 қазан 2015 жыл.

Сирия үкіметі әскері елдің солтүстігіндегі Хомс провинциясында көптен жоспарлаған қарсы шабуылын бастады.

Кейбір ақпараттар бойынша, Сирия армиясының оппозициялық көтерілісшілер бақылауындағы Хомс қаласына шабуылына Ресей әскери ұшақтары да қатысып жатыр.

Сириядағы қақтығысты бақылайтын Syrian Observatory for Human Wrights ұйымы 15 қазандағы Ресей әуе шабуылында негізінен үкімет әскері бақылауындағы қаладан солтүстікке қарай 5 километр қашықтықтағы Талбис және Тэйр Малла елді мекендеріндегі нысандарға соққы берілгенін айтады. Ұйым шабуылға Сирия әскері мен Ливанның "Хезболла" ұйымының жасақтары қатысып жатыр дейді.

Ресей соңғы күндері Сирияда әуе шауылдарын күшейткен. Ресей әскерилері 13 қазанда Сирияда 88 рет әуе шабуылын жасағанын хабарлаған.

Мәскеу Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы нысандарын бомбалап жатқанын айтады. Бірақ Вашингтон мен оның одақтастары Ресей Сирия президенті Башар Асад әскеріне қарсы соғысып жатқан ұстамды көтерілісшілерге соққы беріп жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG