Accessibility links

Биржада доллар бағамы сәл түсті


Астанадағы ақша айырбастау орындарының бірі жанынан өтіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет).
Астанадағы ақша айырбастау орындарының бірі жанынан өтіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет).

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының бағамы 276 теңге 10 тиынды құрап, кешегі таңғы саудамен салыстырғанда 95 тиынға арзандады. Биржа мәліметінше, бүгін 98 миллионға жуық доллар сатылған.

Алматыдағы айырбастау бекеттерінде доллар 277-278 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сында ұлттық валюта – теңге «еркін айырбас бағамына өткені» туралы жариялаған. Бірақ, қыркүйектің 16-сы күні ұлттық банк «валютамен сауда нарығында тұрақсыздыққа жол бермес үшін» биржадағы сауда барысына валюта интервенциясын жүргізетінін мәлімдеген. Ұлттық банк кейін 16 қыркүйектен бері валюталық интервенцияға 1,7 миллиард доллар жұмсағанын хабарлаған.

Кеше, 15 қазанда ұлттық банк 31 қазанға дейін валюта қорында кемінде 3 миллиард доллар сатуды жоспарлап отырғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG